Азық-түлік бағасы тұтыну себетінің ең сезімтал бөлігі болып қала береді
2025 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляциялық үдерістердің күшеюі байқалды. Ұлттық банк мәліметінше, елдің 18 өңірінде жылдық инфляция үдей түсті, бір өңірде – бұрынғы деңгейде қалды, тек бір ғана өңірде бағаның өсу қарқыны бәсеңдеген, деп хабарлайды Finratings.kz.
Еліміз бойынша орташа инфляция деңгейі 10,7%-ға жетіп, бірден бес өңірде бұл көрсеткіштен асып түсті. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркелді – жылдық баға өсімі 13,8%-ды құрады.
Елдегі ең жоғары инфляция ірі мегаполистерде байқалуда. Астанаға қоса, Алматы мен Шымкент қалаларында да бағаның күрт өсуі тіркелген. Әсіресе ақылы қызметтер нарығында — көлік, коммуналдық тарифтер және басқа да салаларда.
Мысалы, Алматыда қызмет көрсету бағасы 20%-ға, Астанада — 19,2%-ға өскен. Бұл — тіпті осы санаттағы орташа республикалық көрсеткіштен едәуір жоғары.
Азық-түлік бағасы дәстүрлі түрде тұтыну себетінің ең сезімтал бөлігі болып қала береді. Сәуір айында азық-түлік бағасы ең қатты өскен өңірлер:
9%-дан асатын азық-түлік инфляциясы тағы бірнеше өңірде байқалып отыр, бұл мәселеде жүйелі сипаттың бар екенін көрсетеді. Ең қатты қымбаттаған өнімдер қатарында — ет, сүт өнімдері, көкөністер мен нан.
Бейазық-түлік тауарлары сегменті де тұрақты инфляциялық өсім көрсетіп отыр. Киім-кешек, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары мен жанар-жағармай бағасы Түркістан облысында жылдық есеппен 14,8%-ға өскен.
Орташа республикалық деңгей (8,9%) мына өңірлерде де асып түсті:
Сарапшылар бұл үрдісті импорт бағасының өсуімен, логистика шығындарының артуымен және теңге бағамының әлсіреуімен байланыстырады.
Қазақстанда қызмет бағалары ең жоғары қарқынмен өсіп келеді. Бұған себеп – тарифтердің қайта қаралуы, энергия тасымалдаушылар құнының өсуі және қызметтердің өзіндік құнының жоғарылауы.
Ақылы қызметтер бойынша инфляция ең жоғары болған 5 өңір:
Қымбатшылық әсіресе ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы), медициналық қызмет және көлік салаларында қатты байқалады.