$ 512.32  582.92  6.29

Қазақстандық ер азаматтар ақшаны қалай жинайды: зерттеу нәтижелері

Ақылбек Хамитов
Ақылбек Хамитов
Finratings.kz редакторы
Қазақстандық ер азаматтар ақшаны қалай жинайды: зерттеу нәтижелері
Коллаж FR

Қазақстандық ер адамдардың кімдері банктерде ақша сақтайды, олар қандай мақсатқа жинақтайды және депозит таңдағанда нені басты өлшем деп санайды — осы жайында айтып береміз.

Олар кім — депозиті бар қазақстандықтар?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры социологиялық зерттеулер институты «Elim» ұйымымен бірлесіп, ер адамдардың қаржысын қалай басқаратынын анықтады. Зерттеуге 18 бен 65 жас аралығындағы 2020 ер азамат қатысты.

Сауалнамаға қатысқан ер адамдардың 80%-ы отбасылы, ал 88%-ының жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар. Респонденттердің басым бөлігі кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету салаларында (37%), сондай-ақ нақты экономика секторында (22%) жұмыс істейді.

Қанша қазақстандық депозит ашады?

Респондент ер азаматтардың 32%-ы банктерде жинақ немесе депозитке ие. Жастар арасында (30 жасқа дейін) бұл көрсеткіш сәл жоғары — 33%. Қызығы, салымшылардың көпшілігі (81%) — отбасылы азаматтар.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (76%) жинақтарын ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді.

Депозит ашудың ең жиі кездесетін 5 себебі:

  • қаржылық «қауіпсіздік жастығын» құру — 52%;
  • жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алу — 16%;
  • өз бизнесін ашуға жинақтау — 5%;
  • пассив табыс көзін құру — 5%;
  • білім ақысын төлеу — 4%.

Қазақстандықтар банк таңдағанда нені ескереді?

Депозит ашу кезінде қазақстандықтар келесі факторларға мән береді:

  • пайыздық мөлшерлеме — 45%;
  • шотты еркін толықтырып, шешіп алу мүмкіндігі — 31%;
  • банктің беделі — 29%;
  • ыңғайлы мобильді банкинг — 19%.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры еске салды: қазақстандық банктердегі депозиттер келесі мөлшерде қорғалған:

  • жинақ салымдары бойынша — 20 млн теңгеге дейін,
  • әдеттегі депозиттер мен шоттар бойынша — 10 млн теңгеге дейін,
  • шетел валютасындағы депозиттер мен шоттар бойынша — 5 млн теңгеге дейін.
Ваша реакция
👍 0
😆 0
👎 0
🤯 0
😢 0
😡 0

Новости партнеров

Выбор FinRatings

×
$ 512.32  582.92  6.29